Жаппай Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан

Жаппай көкпар – Қазақстандағы ең белгілі ұлттық ойындардың бірі. Бұл спортпен Қазақстанның оңтүстік, орталық, оңтүстік шығыс өңірі өте көп айналысады. «Жаппай көкпар» спорты — қазақтың ұлттық ат спортының бір түрі. Ел арасында салауатты өмір салтын дәріптеу құралы ретінде кең насихаттау әрі жандандыру, өмірлік маңызы бар дала ойындарын жетілдіру мақсатында өткізіледі.

Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын. Жаппай көкпар-жаппай шабу спорт түрі. Көшпенді халықтың өмірінде ат құлағында шебер ойнау маңызды болған. Көкпар өте жылдам ойын, басынан соңына дейін жылдам темпте өтеді. Спортшылардан шыдамдылықты, ептілікті, батылдылықты және ат үстіндегі шеберлікке үйретеді. 

Сонымен қатар көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Бұл жерде ат үстінде шабандоздар серкеге таласып оны тақымына қысып қазандыққа салу керек. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады.

Жігіттер барлық ойын дәстүрлерін ұстауға тырысады, кейбір қатігез айлалар қазіргі жаппай көкпарда тыйым салынады. Мысалы ойыншы серкенің денесін көтеріп жатқанда шабуылдауға болмайды және қарсыласын қамшымен ұруға қатаң тиым салынады. Шабандоздарға көрермен жаққа шабуға, ал көрермендер серкенің денесін жерден алып беруге болмайды.